Үкіметтің қуат және мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі мекемеаралық комиссия құру туралы қаулысына жақын арада қол қойылмақ - "KazEnergy" - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтің қуат және мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі мекемеаралық комиссия құру туралы қаулысына жақын арада қол қойылмақ - "KazEnergy"

Үкіметтің қуат және мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі мекемеаралық комиссия құру туралы қаулысына жақын арада қол қойылмақ - "KazEnergy"

АСТАНА. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Үкіметтің қуат және мұнайгаз саласын дамыту жөніндегі мекемеаралық комиссия құру туралы қаулысына жақын арада қол қойылмақ. Бұл туралы бүгін "Өндіру салаларының тиімділігін көтеру" атты басқосуда "KazEnergy" қауымдастығының бас директоры Жанболат Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Маусым 2007
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш мекемеаралық комиссияны құру туралы қаулы келісу үшін министрліктерде жатыр, жақын арада премьер-министрдің қол қоюына жіберіледі деп ойлаймын»,- деді Ж. Сәрсенов.

Ол «мұндай комиссия құру жөніндегі бастама бірінші Еуразиялық энергетика форумында айтылғандығын» еске сала кетті. «Нәтижесі ретінде, бізде барлық министрліктердің және «KazEnergy» қатысуымен осындай орган болады, сондай-ақ онда осы салаға негізгі жұмылдырылған тұлғалардың мүддесін «Самұрық» қорғайды»,- деп түсіндірді қауымдастықтың бас директоры.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті