Батыс Қазақстан облысының Лубенка аулында аусыл дертін жұқтырған 339 мал анықталып, өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының Лубенка аулында аусыл дертін жұқтырған 339 мал  анықталып, өртелді

Батыс Қазақстан облысының Лубенка аулында аусыл дертін жұқтырған 339 мал анықталып, өртелді

АСТАНА. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының Лубенка аулында аусыл дертін жұқтырған 339 мал анықталып, өртелді, деп хабарлады жұмада Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 8 Маусым 2007
  • 420
Фото - Caravan.kz

«7-маусымдағы жағдаймен кесел жұқтырған тағы 59 ірі қара анықталып, жойылды. Сөйтіп, жойылған малдың жалпы саны 339-ға жетті»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта ауылда 222 мал қорада дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатыр. Індеттің тікелей ошағында 7 мыңнан астам үй жануарына, қауіп төнген бағыттарда 40 мыңнан астам малға вакцина егілді.

Бұрын хабарлағанымыздай, аусыл дертінің таралуына байланысты Лубенка аулында карантин жарияланған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті