"Нұр Отан" партиясы оралмандардың проблемасын шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" партиясы оралмандардың проблемасын шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құруды ұсынады

"Нұр Отан" партиясы оралмандардың проблемасын шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құруды ұсынады

АСТАНА. 8 - маусым. Kazakhstan Today. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы оралмандардың проблемаларын шешу жөніндегі қоғамдық комиссия құруды ұсынады. Бұл туралы бүгін "Оралмандардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жолы" атты "дөңгелек үстел" барысында Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты Амангелді Таспихов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Маусым 2007
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Ол проблемалардың мәні біздің көші-қон саясатымыздағы проблемалардың дұрыс шешілмей отырғандығында, сондықтан да жан-жақты бақылау қажет. Және аталмыш қоғамдық комиссия оң әсер ететіндігі сөзсіз»,- деп түсіндірді журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон және демография жөніндегі комитетінің төрағасы Жазбек Әбдиев. «Бүгінгі күнде проблемалар шаш-етектен, себебі көші-қон — күрделі мәселе. Бізде заңнама базасы бар, бірақ елімізге көшіп келушілердің күрт өсуіне байланысты қазір барлығын материалдық жеңілдіктермен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр»,- деп атап өтті ол.

Ол сондай-ақ, «материалдық көмекті қажет ететін көші-қон квотасына 15 мың оралман отбасы кіреді, олар 70 мыңға жуық адамды құрайды» деп қосты. «Мұндай көп иммигранттарға дүниежүзінің ешбір елі материалдық тұрғыдан қолдау көрсетпейді. Тіптен этникалық көші-қон қозғалысының пионерлері — Германия мен Израиль де тікелей ұлттық бюджеттен қаржы бөлмейді, ал Қазақстан бұл тұрғыдан бірегей үлгі көрсетіп отыр»,- деп атап көрсетті ол.

Ж. Әбдиевтің айтуынша, ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 2007 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдаймен 565 мың этникалық қазақ көшіп келіп, тіркелген. «Бұл көрсеткішті статикалық деп айтуға болмайды, бүгінгі күнде Қазақстанға біздің миллионнан астам отандастарымыз оралған»,- деп қосты ол.

Ж. Әбдиев сондай-ақ, қазіргі уақатта көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқандығын еске сала кетті. «Жалпы түбегейлі өзгеріс болмайды, бірақ кейбір шараларды күшейту қажет»,- деді ол. «Біздің еліміздегі әлеуметтік ахуал шетелдерден көптеген азаматтарды тартады, бірақ біз біз келген отандастарымыздың мүдделерін ескере отырып, мемлекет мүддесі туралы да ұмытпауымыз қажет»,- деп қорытындылады Ж. Әбдиев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті