ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің транзиттік-транспорттық әлеуетін дамыту перспективасына тоқталған Қазақстан президенті «біздің елдеріміз өзінің георграфиялық орналасуына орай Еуропа мен Азия арасын жалғастыратын маңызды көпірге айнала алатынын» атап өтті.
Қазақстан мемлекет басшысы БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) Алматыда өткен соңғы сессиясында «азия жолбарыстары» аталған елдердің Қазақстан, Ресей мен басқа да ЕурАзЭҚ елдерінің транспорттық әлеуетін Еуропа нарығына шығу үшін пайдалануға үлкен қызығушылық танытқанын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті