Экспорт құрылымындағы негізгі көлем дизель отынына — 570,797 мың тонна, автокөлік бензиніне — 141,627 мың тонна, авииациялық отынға — 176,589 мың тонна,, мазута — 61,563 мың тонна тиесілі.
Мамырда Мемлекеттік мұнай компаниясы әлемдік нарыққа 283,448 мың тонна мұнай өнімін экспорттаған. Соның ішінде дизель отыны 108,047 мың тоннаны, авиакеросин — 40,994 мың тонна, автокөлік бензині — 65,05 мың тонна, жағар май — 3,193 мың тонна, мазут — 61,562 мың тонна, мұнай битумы — 4,641 мың тоннаны құраған.
Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың мамырында бір тонна автокөлік бензині 753,46 АҚШ долларына (2007 жылдың сәуірінде — 698,8 АҚШ долларына), авиакеросин — 641,27 АҚШ долларына (628,43 АҚШ долларына), дизель отыны — 595,83 АҚШ долларына (593,51), ал мазута — 330,82 АҚШ долларына (311,24 АҚШ долларына) сатылған.
Әзербайжанда небәрі екі мұнай өндіруші зауыт бар — «Азернефтяг» және Гейдар Алиевтің атындағы Бакиндік мұнай өндіруші зауыт. Мұнай өндірудегі жалпы қуаттылығы жылына 22 млн тоннаны құрап отыр. Екеуі де Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясының құрылымына кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті