Мемлекеттік статистикалық агенттіктің болжамы бойынша Қазақстанда 2015 жылға қарай жұмыс күшіне деген мұқтаждық 1 миллионнан астам адамды құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік статистикалық агенттіктің  болжамы бойынша Қазақстанда 2015 жылға қарай жұмыс күшіне деген мұқтаждық 1 миллионнан астам адамды құрайды

Мемлекеттік статистикалық агенттіктің болжамы бойынша Қазақстанда 2015 жылға қарай жұмыс күшіне деген мұқтаждық 1 миллионнан астам адамды құрайды

АЛМАТЫ. 12-маусым. Kazakhstan Today. 2015 жылға қарай Қазақстанның жұмыс күшіне деген мұқтаждығы 1,2-ден 1,8 миллион адамға жетпек. Мұндай болжамды кеше "Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты: нақты болмыс және жаңа әдістемелер" деген атпен өткен дөңгелек үстел барасында Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Юрий Шокаманов жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 12 Маусым 2007
  • 790
Фото - Caravan.kz

«Заңды және заңсыз көші-қон есебінен толтырып отырған жұмыс күшіне деген қажеттіліктің жалпы саны орасан зор. 2015 жылға қарай шамамен алғанда базалық нұсқа бойынша қосымша 1,2 миллион адам қажеттілік етеді. Ал ең жоғарғы шегі 1,8 миллион адам», — деді Ю. Шокаманов. «Иммиграцияға, қосымша жұмыс күшіне деген қажеттілік 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясында бекітілген экономикалық өсу және еңбек өнімділігінің өсу қарқыны бойынша мәліметтер негізінде есептелген», — деп түсіндірді төраға орынбасары.

«Бұдан шығар қорытынды: біз жыл сайын бұл еңбек иммигранттарына олар Қазақстанға келуі үшін қандай да бір жағдай жасауымыз керек. Өйткені, осы жұмыс күшіне деген қажеттілік бізде бар. Сонымен бірге, еңбек саласындағы халықаралық конвенцияларды сақтай отырып, олардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өтті Ю. Шокаманов. Оның ойынша, бұл үшін мемлекетке осындай көші-қон саясатын жүргізу бойынша қандай да бір салада функцияларды шоғырландыру керек.

«Қазір бұл функциялар, өкінішке орай, әртүрлі ведомстволар арасында шашыраған. Бұл жерде мәселе жеке орган құруда немесе қандай да бір органға көші-қон саласындағы саясат мәселелерін неғұрлым толығымен беруде болып отыр», — депе атап көрсетті Мемлекеттік статистика агенттігі төрағасының орынбасары. Ю. Шокамановтың ойынша, неғұрлым оң саясат мигранттардың соғұрлым көп санының тіркелуіне ықпал етпек. «Қазіргі кезде олар тіркелмегендіктен немесе шекарада дұрыс тіркеу рәсімінен өтпегендіктен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан жұмыс берушілерде тіркелмейді. Сондықтан, біз тек негізінен көпшілігі заңсыз еңбек миграциясы туралы мәліметтерге ғана жүгінеміз», — деді Ю. Шокаманов.

«Жекелеген зерттеулер шын мәнінде еңбек миграттарының әлдеқайда көп екендігін көрсетіп отыр. Мен заңсыз мигранттар саны 300 мың мен 500 мың аралығында деп есептеймін. Алайда, кейбіреулер бұл сан миллионға дейін баратынын айтуда», — деді Ю. Шокаманов. Сонымен бірге, ол тұрақты миграция саласында жағдай жылдан-жылға жақсарып келе жатқандығын атап өтті. «2004 жылы біз алғаш рет оң сальдоны (2800 адам) алған болатынбыз және бұл сальдо өсуде. 2006 жылы 33,3 мың адамды құраса, 2007 жылы бұл үрдіс жалғасып, тұрақты миграция есебінен 40 мыңға жақындайды деген ойдамыз» деп сөзін қорытындылады Мемлекеттік статистикалық агенттіктің төрағасының бірінші орынбасары Ю. Шокаманов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті