«Бұл жұмыс рұқсатнама жүйесін жетілдіру аясында өткізіледі, Еуропалық Одақтың тәжірибесімен сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсат түрлері енгізіледі, оларға энергиялық ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі талаптар қамтылады»,- деді ол.
Министр сонымен қатар «қазір Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 0,02% құрайтынын, ал бұл көрсеткіш ЕО-да 6%-ке тең екенін, Финляндияда — 25% екенін» атап өтті. «Біз баламалы қуат көздерінің үлесін қазіргі деңгеймен салыстырғанда 2009-жылы 40%-ке, 2012-жылы 150%- ке жеткізуді көздеп отырмыз»,- деді ол.
Министр сонымен бірге «айыппұлдарды жинау мекеменің бақылау іс-қызметіндегі маңызды көрсеткіш болудан қалғанын» атап өтті. «Біз табиғат қорғау заңнамасын бұзған кәсіпорындардың іс-қызметін сот жүзінде уақытша тоқтату тәжірибесіне көштік»,- деді Н.Ысқақов.
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың аяғынан бері 203 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды. «Қатал шаралар нәтижесін беріп, былтыр әшкереленген табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар 41 мыңнан 29 мыңға дейін азайды»,- деді ол. Н.Ысқақовтың мәлімдеуінше, «ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі атмосфераға тасталатын қалдықтар бойынша бірлік Жалпы ішкі өнімге шаққандағы эмиссияны 20 процентке, су нысандарын ластау бойынша 2009-жылы 12 процентке азайтуды көздеп отыр».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті