Облыс әкімінің баспасөз хатшысының айтуынша, мүгедек балалар мемлекет төлеп отырған жәрдемақының сыртында қосымша 3 мың теңге алатын болады. «Облыстық бюджеттен төленетін қосымша төлемақылар 1-шілдеден бастап осы жылдың аяғына дейін төленеді»,- деді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 1435 мүгедек бала бар.
Сонымен бірге ертеректе облыстық бюджет Ұлы отан соғысының ардагерлері, олардың жесірлері мен интернационалист-жауынгерлердің коммуналдық қызмет ақысын өз мойнына алған болатын. «Олар ыстық су, жылу, абоненттік телефон байланысы, кәріз жүйесі мен газдың төлемінен өмір бойы босатылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті