«Бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы ауа райына тәуелді салалардың үлесі 45,3% екендігіне байланысты, ал Әлемдік банктің бағалауынша, еліміздегі гидрометеоқызметтің техникалық ахуалы қанағаттанарлық емес деп сипатталуда, бұл бірінші кезекте бұл саланың жеткіліксіз жабдықталуына байланысты»,- деді З.Сәрсенбаев.
Оның пікірінше, гидрометқызметтің жағдайын жақсарту есебінен түсетін жыл сайынғы пайда Қазақстанға техникалық модернизацияға жұмсалған әрбір доллардан 5 доллар көлемінде кіріс әкелмек. «Осыған байланысты біз республикалық бюджеттік комиссияға гидрометқызметті ең озық әлемдік тәжірибе деңгейіне дейін сатылы түрле көтере жабдықтау жөнінде ұсыныс енгіздік»,- деді вице-министр.
Оның бағалауынша, 2010-жылға дейін метеостанциялардың санын 9-ға, аэрологиялық станциялардың санын 3-ке, қоршаған орта ахуалын бақылау бөлімдерінің санын 20-ға дейін, радиациялық мониторинг бөлімдерін 15-ке дейін арттыру қажет. «Күн райы болжамдарының дәлдігі мұндай жағдайда 2010-жылға дейін 90 процентке артады»,- деді З.Сәрсенбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті