Алматы - Ыстықкөл тас жолы үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін салына бастайды - Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы - Ыстықкөл тас жолы үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін салына  бастайды  - Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

Алматы - Ыстықкөл тас жолы үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін салына бастайды - Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

БІШКЕК. 3-шілде. Kazakhstan Today. Алматы - Ыстықкөл ақылы тас жолы үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін салына бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 3 Шiлде 2007
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Ақылы жол салу жобасын жүзеге асыруға тек Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының үкіметтері арасындағы келісім ғана негіз болуға тиіс», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Қазіргі таңда Қырғызстан мен Қазақстанның Көлік және коммуникациялар министрліктері ақылы жол салу жобасының бағытын нақтылау және техника-экономикалық негіздемесін дайындау бағытында жүмыс істеп жатыр. Ол келіссөздер жүргізіп, үкіметаралық келісімге қол қоюға негіз болады», — делінген баспасөзге арналған мәлімдемеде.

Екі ел министрліктерінің сарапшылары жобаның техника-экономикалық негіздемесін дайындағаннан кейін ғана оның жүзеге асырылу түрі туралы, басқаша айтқанда жоба мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігі арқылы жүзеге аса ма , немесе, ол мемлекеттік нысан бола ма деген тұрғыда сөз қозғауға болады. Бұл жоба Қырғызстан үшін ақылы жолды пайдалануға беру жөніндегі пилотты жоба болмақ.

«Қазіргі болжам бойынша жоба аясындағы транспорттық ағынның потенциалдық қарқыны мен құнын алдын-ала зерттеу жұмыстары 2007-жылғы күзде аяқталады деп күтілуде», — деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті