Шахтинскіде кәріз құдығын тазалау барысында екі жұмысшы күкіртсутегінен уланып, біреуі қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскіде  кәріз құдығын тазалау барысында екі жұмысшы күкіртсутегінен уланып, біреуі қайтыс болды

Шахтинскіде кәріз құдығын тазалау барысында екі жұмысшы күкіртсутегінен уланып, біреуі қайтыс болды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының шахтинск қаласында кәріз құдығын тазалау барысында екі жұмысшы күкіртсутегінен уланып, олардың біреуі қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2007
  • 315
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға кеше болған. Жалдап алынған екі жұмысшы Московская көшесінің бойындағы №5 үйдің жанында құдықты тазалап жатқан кезде күкіртсутегінен уланды. Соның салдарынан жұмысшылардың біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті