Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
6, 8 және 9 жастағы үш бала 37 жастағы жігіт айдаған «Мицубиси» автокөлігінің аударылуы салдарынан жараланап, ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші де жараланып, ауруханаға түсті, ал тағы бір жолаушы әйел жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды. Жол апаты кеше кешке Ақтөбе облысында Ақтөбе — Қандыағаш тас жолының 70-ші шақырымында болды.
Осындай апат Қарағанды облысында Балхаш — Ақтоғай тас жолының 33-ші шақырымында болды. Мұнда да «Тойота» жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан көлікте келе жатқан 5 және 8 жастағы екі бала мен 38 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті