Аудандық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аудандық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылды

Аудандық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қостанай облысы Федоров аудандық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Шiлде 2007
  • 507
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында аудандық бөлімде жүргізілген тексеру кезінде «өртке қарсы күрес қызметінің басшылығы жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс деректері анықталды».

Прокуратураның мәліметінше, өртке қарсы күрес қызметінің басшысы Нұриев өртке қарсы қауіпсіздік нормаларын бұзу оқиғаларына қарамастан, аудандық кәсіпкерлерге олардың иелігіндегі дүкендердің өртке қарсы қауіпсіздік ахуалы туралы оң қорытынды беріп келген. Солардың негізінде олар спиртті өнімдерді бөлшек саудада сатуға лицензия алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті