«Қазір саяси партияларға айрықша маңыз беріліп отыр, сол себепті саяси тәртіп күшейтіліп, баршамыз бұрынғыдан да бекем тәртіпке көшуіміз керек», — деп мәлімдеді мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев сьездің жабылуында.
Президенттің пайымдауынша, сьезде партия қабылдаған бағдарлама «өте жақсы бағдарлама» болды. «Бұл біздің тындыруға бел байлаған сайлау алдындағы тұғырнамамыз», -деді ол.
Н. Назарбаев құрылтайға қатысушыларда «өңірлердегі жұмыстарды ертеңнен бастап қолға алуға» шақырды. «Біздің бірінші тындыруға тиіс шаруамыз — Қазақстанның әрбір азаматын жұмысты болдырып, жұмыс істеу арқылы ақша табуға мүмкіндік беруге тиіспіз», — деді ол. «Сол себепті іске қызу кірісіңіздер, бұлғақтауға бос уақыт жоқ», — деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті