«АҚШ-тағы секілді халыққа өз бағдарламаларын ұсына алатын екі қуатты партия болса тамаша болар еді. Адамдар басымдық бергені билікке келсе. Еліміз сонда ғана ешбір шырғалаңсыз тұрақты дами берер еді», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев бүгін өзінің баспасөз мәслихатында.
«Конституция баршасына мүмкіндік беріп отыр ғой, олай болса, болашақта қанша партия болатынын уақыт көрсетер», — деді ол.
Н. Назарбаев қазіргі таңда «партиялардың ролі артқанын, өйткені, парламент мәжілісінің құрамындағы 98 адамның партиялық тізім бойынша сайланатынын, халықтың партиялық бағдарламаларға дауыс беретінін» атап өтті. «Қазір барлықтарыңыз үшін сайлауға қатысып, өз бағдарламаларыңызды паш ететін және сайлаушылардың дауысын жеңіп алатын мүмкіндік туды. Баршаңызға еркіндік берілді», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті