Қазақстанда қымбат баспана тұрғызуға салынатын салық ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қымбат баспана тұрғызуға салынатын салық ұлғайтылады

Қазақстанда қымбат баспана тұрғызуға салынатын салық ұлғайтылады

АСТАНА. 4 -шілде. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қымбат баспана тұрғызуға салынатын салық ұлғайтылады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Құрылыс компанияларының араны тіптен ашылмас үшін, халық арзандау баспананы сатып алу мүмкіндігіне ие болуы үшін енді біз қымбат баспана тұрғызуға салынатын салықты арттырамыз», — деді мемлекет басшысы бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Н. Назарбаев жеке баспана тұрғызуға арналған жер телімдерінің бағасының аспандай түскеніне алаңдаушылық білдірді. «Жерді ерте бастан арзанға сатып алып, енді шарықтап тұрған сұранысты пайдаланып ақшаны күректеп тауып жатқан айлакер адамдар табылды», — деді президент. «Мен бүгін Алматы мен Астананың маңындағы жерленрдің кімге сатылып, кімге берілгенін анықтау туралы тапсырма бердім», — деді мемлекет басшысы.

Дей тұрғанмен президент «баспана мен жер телімдеріне деген сұраныстың оған деген нарықтық құнға да әсер етіп отырғанын» атап өтті. «Жерге сұраныс болған күнде баға да өсе бермек», — деді ол.

Президент қазір мемлекеттің «жеке баспана тұрғызуға арнайы жер бөліп, сол жерлерде азаматтардың жеке баспана тұғыза алуы үшін коммуникациялар тарта бастағанын» атап өтті. «Жеке баспана тұрғызуға 10 соттық жер сатып алған адам әріқарай оны кеңейту үшін қымбаттау баға төлеуге тиіс», -деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті