Алдағы парламент сайлауында барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер беріледі - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы парламент сайлауында барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер беріледі  - ҚР  президенті

Алдағы парламент сайлауында барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер беріледі - ҚР президенті

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Алдағы парламент сайлауында барлық саяси партияларға бірдей мүмкіндіктер беріледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2007
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Баршасына бірдей мүмкіндік беріліп отыр. Осы мүмкіндікті қалай пайдалану — әрбір саяси партияның ісі», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев журналистердің алдағы парламент мәжілісінің сайлауында оппозицияға берілетін мүмкіндік туралы сауалына берген жауабында.

«Президент , мемлекет басшысы, Конституцияның кепілі ретінде мен сайлаудың әділ әрі әділетті өтуіне, баршасына бірдей мүмкіндіктер берілуіне жіті назар аударып қадағалайтын боламын деп мәлімдедім. Ендігі жерде партиялардың өздері талпыныс жасасын», — деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті