Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бастапқыда 6-тамызға белгіленген ұшырылым 11-12-маусымда Халықаралық ғарыш станциясының компьютерлерінде пайда болған тауқымететрге байланысты 23-шілдеге дейін шегерілген болатын.
«Алайда, қосымша жабдықтарды жасау, дайындау мен сынақтан өткізуге, соның ішінде С.Королев атындағы зымыран-ғарыштық «Энергия» корпорациясының «Звезда» қызметтік модулінің кешенді стендінде қосымша жабдықтарды жасау, дайындау мен сынақтан өткізуге қосымша уақыт қажет болуға байланысты корпорация басшылығы мен мамандары ұшырылымды 2-тамызға белгілеуді ұсынды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қазір ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Энергия» зымыран-ғарыштық кешеніің мамандары вакуумды камерада «Прогресс М-61» жүк кораблінің герметикалық жағдайын тексеруде. «Прогресс М-61» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, жабдықтар мен отын, компьютерлік жабдықтарды жеткізуге тиіс.
«Прогресс» жүк кемесі алғаш рет 2007-жылдың 18-қаңтарында, екіншісі 12-мамырында ұшырылған. Ал төртінші жүк кемесі жылдың аяғында ұшырылады. «Прогресс М-61» маркалы үшінші жүк кемесі «Союз-У» зымыран тасығышымен 2007-жылдың тамызында Халықаралық ғарыш станциясына пилотты кемені жіберер алдында ұшырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті