Парламент Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілген түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілген түзетулерді қабылдады

Парламент Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске енгізілген түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 5-шілде Kazakhstan Today . Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 5 Шiлде 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған өзгертулер мен толықтыруларды енгізеді»,- деп түсіндірді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген әділет вице-министрі Дәулет Құсдәулетов.

Атап айтқанда, оның айтуынша, енгізілген түзетулер әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа құрамын белгілеуді ұсынады.

Сонымен қатар, вице-министр заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жекелеген істерді қарау кезіндегі мемлекеттік органдардың құзіреті нақтыланып, әкімшілік айыппұлдардың көлемінің ауқымы қарастырылғандығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті