Баспасөз қызметінің ақпартына сәйкес, «Қарасу» шекаралық бақылау бөлімінде қазақ-қырғыз шекарасы арқылы контрабандалық жолмен валюта енгізбек болған Қырғызстан азаматын ұстады. «Көлік пен жолаушының жеке заттарын тексеру барысында шекарашылар жасағы ұсталғаннан денесіне скотчпен жапсырылған 1 килограмнан астам героин салынған дорбаны тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге «Мерке темір жол» бекетінде Бішкек пен — Екатеринбург арасында қатынайтын №305 поезбен келе жатқан қырғызстандық әйел ұсталды. «Оның заттарының арасынан шекарашылар 470 грамм героин салынған дорба тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті