Қазақстанда жастар арасында СПИД-тің алдын алуға бағытталған ақпараттық науқан басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жастар арасында СПИД-тің алдын алуға бағытталған ақпараттық науқан басталды

Қазақстанда жастар арасында СПИД-тің алдын алуға бағытталған ақпараттық науқан басталды

АЛМАТЫ. 5-шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда жастар арасында СПИД-тің алдын алуға бағытталған ақпараттық науқан басталды. Бұл туралы бүгін өткен бспасөз мәслихатында "СПИД Шығыс-Батыс Қоры" жобасының менеджері (AFEW) Салтанат Сұртаева құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2007
  • 618
Фото - Caravan.kz

Жоба аясында авторлар ВИЧ індетінің таралу жолдары мен індеттен сақтану жолдары туралы баяндайтын бейне- және аудиороликтердің көрсетілімін ұйымдастырмақшы. С. Суртаеваның айтуынша, 6-шілдеден бастап орыс және қазақ тіліндегі екі бейнеролик екі республикалық және үш жастар телеарнасында көрсетіле бастайды. «Артынан еліміздегі барлық радиостанцияларға аудиоролик таратылады», — деді ол.

Сонымен бірге шара аясында билбордтар, лайтбокстар, брошюралар, плакаттар мен ашық хаттар шығарылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті