Мекеме ақпаратына сәйкес, Байғанин ауданы, Ащы ауылдық округіндегі Ұзынкөл деген жерде 4-шілдеде 15 сағат 50 минутта далалық өрт шықты. Өрт 10 сағат 40 минутта шоғырландырылып, келесі күні 12 сағат 30 минутта 1700 гектар аумақта сөндірілді.
Жалынды ауыздықтауға 29 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті