Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өкілдер құрамына Экономика және бюджетті жоспарлау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері енген. Сессияның күн тәртібінде қазіргі заманғы әлемдік әлеуметтік және экономикалық өзекті проблемалардың шешіміне қатысты, соның ішінде халықаралық қоғамдастық мойындаған даму саласындағы мақсаттарды шешуге қатысты мәселелер бар.
БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің негізгі сессиясы 2007-жылдың шілде айының аяғына дейін созылады. Оның жұмысы Ее работа үйлестіру, оперативтік қызмет, гуманитарлық және басқа да үш сегменттен тұрады. «Бұл сессия Қазақстан үшін аса маңызды. Себебі еліміз өз тарихында алғаш рет БҰҰ-ның Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінен кейін өз маңызы жағынан үшінші орындағы басты органның мүшелігіне 2007-2009-жылдар аралығында өтті», — деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті