ЕурАзЭҚ елдерінің кедендік кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы идея әлі құрдымға кеткен жоқ - қоғамдастықтың бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ елдерінің кедендік  кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы идея әлі құрдымға кеткен жоқ  - қоғамдастықтың бас хатшысы

ЕурАзЭҚ елдерінің кедендік кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы идея әлі құрдымға кеткен жоқ - қоғамдастықтың бас хатшысы

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ елдерінің кедендік кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы идея әлі құрдымға кеткен жоқ. Бұл туралы бүгін Беларусь, Қазақстан және Ресей Федерациясының Интеграциялық комитеті мүшелерінің Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыру жөніндегі кеңесі басталар алдында ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2007
  • 576
Фото - Caravan.kz

«ЕурАзЭҚ елдерінің кедендік кеңістігінде ортақ валюта енгізу туралы идея әлі құрдымға кеткен жоқ, бірақ дәл қазір ол туралы сөз қозғау әлі ерте», — деді Г. Рапота.

«Біз кедендік одақты құру сатысынан өтуге тиіспіз, бұдан кейінгі кезең — Біртұтас экономикалық кеңістікті құру кезеңі, осыдан кейін ғана біз біртұтас валюта туралы сөз қозғай бастаймыз», — деді ол. Бұл кезеңді жүзеге асыру мерзімі жайындағы журналистер сауалына Г. Рапота : «келесі кезеңнің мерзімі кедендік одақты құру кезеңін қаншалықты тезірек аяқтауымызға байланысты»,- деп жауап берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті