Қазақстандық шекарашылар елімізге контрабандалық жолмен 6 тонна көкөніс пен 11 мыңдай ондатр терісін енгізуге жасалған әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар елімізге  контрабандалық жолмен 6 тонна көкөніс пен  11 мыңдай  ондатр терісін енгізуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар елімізге контрабандалық жолмен 6 тонна көкөніс пен 11 мыңдай ондатр терісін енгізуге жасалған әрекеттің жолын кесті

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар елімізге контрабандалық жолмен 6 тонна көкөніс пен 11 мыңдай ондатр терісін енгізуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мерке темір жолы» шекаралық бақылау бөлімінде шекарашылар жасағы контрабандалық тауарларды алып өткені үшін Қазақстан азаматын ұстаған. «Әйел Қытайдан Қазақстанға халықаралық бағытты автобуспен келе жатқан», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. «Көлік пен жүктерді тексеру барысында оның заттарының арасынан шекарашылар 10 924 дана ондатр терісін тапты».

Сонымен бірге, «Атакент» шекара заставасы маңында қазақ-өзбек шекарасын «ГАЗ-53» жүк көлігімен бұзып республика аумағына заңсыз кірген екі қазақстандық ұсталды. «Ұсталған көліктің ішінен шекарашылар салмағы 2 тоннадан асатын контрабандалық көкөніс тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылардың хабарлауынша, өткен тәуліктерде көршілес шекаралық заставалар аумағында осындай жағдайда тағы да үш қазақстандық пен екі өзбекстандық ұсталған. Олар автокөлікпен 4 тоннадан астам контрабандалық көкөніс әкеле жатқан. «Ұсталған шекара бұзушыларда қажетті құжаттары болмаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті