Қазақстанда 7-шілдедегі жағдаймен мәслихат депутаттығынан 953 үміткердің аты ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 7-шілдедегі жағдаймен мәслихат депутаттығынан  953 үміткердің аты ұсынылды

Қазақстанда 7-шілдедегі жағдаймен мәслихат депутаттығынан 953 үміткердің аты ұсынылды

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда 7-шілдедегі жағдаймен мәслихат депутаттығынан 953 үміткердің аты ұсынылды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов семинар-кеңесте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Шiлде 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

«2007-жылдың 7 шілдесіндегі жағдаймен мәслихат депутаттығынан 953 үміткердің аты ұсынылды. Олардың 695-і «Нұр Отан» ХДП-сынан, 7 үміткер Қазақстанның халықтық коммунистік партиясынан, 2 үміткер Қазақстанның Коммунистік партиясынан, 1 үміткер Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясынан, 2 үміткер қоғамдық бірлестіктерден, тағы 246 үміткер өз бетімен ат ұсынды», — деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясына «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының сьезінде жасалған партиядан мәжіліс депутаттығына ұсынылатын үміткерлердің партиялық тізімі таныстырылып, оларды тіркеуге қатысты барлық құжаттар ұсынылды».

«Партиялық тізімдерді тіркеу 17-шілдеде, ал мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу 23 шілдеде аяқталады», — деді Қ.Тұрғанқұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті