Республика үкімет басшысы министрліктерге Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы заң жобасын қыркүйекке дейін енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы министрліктерге Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы заң жобасын  қыркүйекке дейін енгізуді тапсырды

Республика үкімет басшысы министрліктерге Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы заң жобасын қыркүйекке дейін енгізуді тапсырды

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов министрліктерге Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар туралы заң жобасын қыркүйекке дейін үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды. Мұндай тапсырманы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында К. Мәсімов индустрия және сауда және әділет министрліктеріне берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Шiлде 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы бұл заң жобасында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) іс-қызметінің барлық қырлары, атап айтсақ, ӘКК-нің жауапкершілігі, әкімдердің жауапкершілігі, ӘКК мен әкімдерге жеке меншікке қандай активтер берілетіндігі, жер қалай ӘКК меншігіне берілетіндігі туралы толық көрсетілуге тиіс» екендігін атап өтті.

«Сарыарқа» — еліміздегі бірінші ӘКК, сол себепті біз бүгінге дейін аталмыш заң жобасын қабылдамай келдік, біз олардың іс-қызметі мен проблемаларын, олардың қалай туындайтынын қадағаладық. Енді біз жаңа парламенттің қарауына күзгі заң жобаларының топтамасымен қоса ұсыну үшін заң жобасын күзге дейін жасап шығаруға тиіспіз»,- деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті