Президент ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент ІІМ ішкі әскерлері туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Шiлде 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

Заңның жобасы заң нормаларын жетілдіру мен оларды қолданыстағы заңдармен сәйкестендіру мақсатында жасалған.

Заң жобасына сәйкес, үкіметтің ішкі әскерлер кеңесін құру құзыретін ҚР ІІМ-іне беру ұсынылған. Сонымен бірге ішкі әскерлердің қолбасшысына өзінің орынбасарларының кандидатурасын министрлікке таныстыру құқығын беруді заңдастыру ұсынылған.

«ҚР ІІМ ішкі әскерлері туралы» заңынан кейбір терминдер алынатын болды. Мәселен, «прапорщик» және одан туынды сөздер алынып, «әскери қызмет» сөз тіркесі «жауынгерлік қызмет» тіркесімен алмастырылатын болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті