Қырғыз -қазақ шекарасында 100 тоннадан астам контрабандалық цемент ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз -қазақ шекарасында  100 тоннадан астам  контрабандалық  цемент ұсталды

Қырғыз -қазақ шекарасында 100 тоннадан астам контрабандалық цемент ұсталды

БІШКЕК. 9-шілде. Kazakhstan Today. Қырғыз -қазақ шекарасында 105 тонна контрабандалық цемент тиелген үш "КамАЗ" ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның ІІМ-іне сілтеме жасап.

  • 9 Шiлде 2007
  • 489
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстау шарасын ІІМ-нің лауазымдық қылмыстармен күрес жөніндегі бас басқармасы мен Чу облыстық мемлекеттік автоинспекциясы бөлімінің қызметкерлері берлесіп «Тұзақ» атты шара барысында жүзеге асырған. Қазақстанға бет алған барлық үш автокөлік те Қырғызстанның Чу облысы Кен-Булун ауылында тоқтатылған. Жүргізушілерде жүктің құжаттары болмай шыққан. «КамАЗ» көліктерінің номерлері қолдан жасалған жалған номерлер болған, қазақстандық номерлердің үстінен қырғызстанның номерлері скотчпен жапсырылыпты. Ал артқы номерлерін контрабандистер балшықпен бояп тастаған.

Контрабандалық цемент құны 500 мың сомға ( $13 мың ) бағаланды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті