Ақтауда бекіре тұқымдас балық аулап жүрген екі браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда бекіре тұқымдас балық аулап жүрген екі браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Ақтауда бекіре тұқымдас балық аулап жүрген екі браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Ақтауда бекіре тұқымдас балық аулап жүрген екі браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспаөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2007
  • 616
Фото - Caravan.kz

Браконьерлер Түпқараған аудандық балық инспекциясының қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізген рейдтік тексеру барысында Каспийдің жағалауында ұсталды. Олардан жалпы салмағы 56 килограмм 10 бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Сонымен бірге полиция заң бұзушылардан 80 метр ау мен моторлы қайықтарды тәркіледі.

Мамандардың есептеуінше, заңсыз балшық аулаудан 275 184 теңгенің шығыны келді.

Бүгінде Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы, 2-тармағы бойынша (су жәндіктері мен өсімдіктерді заңсыз аулау және алу) қылмыстық іс қозғап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті