«Заң жобасы бірқатар заңдардың ережелерін орталық атқарушы органның жауапты хатшысы лауазымын енгізу бойынша «Үкімет туралы» конституциялық заңмен сәйкестендіру үшін жасалған», — делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Сонымен бірге заң жобасында мемлекеттік органның функциялары реттеледі, ол үшін «Әкімшілік процедуралар туралы» заңға мемлекеттік органдардың функцияларын стратегиялық, регулятивтік, бақылау және жүзеге асыру деп бөлу жөніндегі жаңа бап енгізіледі.
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенааттың салалық комитетіне берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті