Батыс Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысында Ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ОРАЛ. 10-шілде. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджановтың бұйрығымен және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовтың келісімі бойынша Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы болып Мұрат Талапұлы Қабденов тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне БҚО ІІД хабарлады.

  • 10 Шiлде 2007
  • 813
Фото - Caravan.kz

Мұрат Қабденов Қарағанды жоғары милиция мектебін бітірген, ішкі істер органдарында 1992 жылдан бері қызмет етеді. Өзінің еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің оперативтік қызметкері ретінде бастаған. Бұдан кейін криминалдық полиция қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды. 1999 жылдан бері басшылық қызметте — Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ Сарыағаш полиция бөлімінің бастығы, Шымкент ҚІІБ 1-ші полиция бөлімінің бастығы болды. 2003 — 2005 жылдарда Ақмола облыстық ІІББ бастығының орынбасары, 2005 -жылдың тамыз айынан бүгінге дейін БҚО ІІД бастығының бірінгі орынбасары болған.

Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Райымхан Өзбекғалиев ағымдағы жылдың наурыз айында зейнет демалысына шығуға байланысты қызметінен босатылған. Осы уақыт ішінде БҚО ІІД төрағасының міндетін М.Қабденов атқарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті