Парламент салалық реттеуіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  салалық реттеуіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент салалық реттеуіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Салалық реттеуіштердің іс-қызметіне қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Шiлде 2007
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Заң Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық салаларын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, реттеуші органдар мен салалық мемлекеттік органдардың құзыретін аясын нақты шектеу үшін жасалған», — делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комиссиясының қорытындысында.

Бұл заңмен мынадай салалық реттеуіштердің іс-қызметі реттеледі : Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі телекоммуникациялар мен пошта байланысы саласындағы ; Табиғи монополияларды реттеу агенттігі — электр және жылу энергетикасы, темір жол транспорты, азаматтық авиация, айлық іс-қызметі, мұнай тасымалы, мұнай өнімдері мен газ тасымалы, сондай-ақ, үкімет бекіткен жіктелімдегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын реттеу функцияларын атқаратын болады.

«Заңда қарастырылғанындай, реттеуіштердің басты функциясы — реттелетін сала субьектілерінің таифтері мен бағаларын мемлекет тарапынан реттеу, лицензия беру, нарық субьектілерінің қызметі мен инфрақұрылымына ешбір кедергісіз және алалаусыз қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады», — делінген қорытындыда.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті