Баспасөз қызметінің хабарлауынша, К.Мәсімов Қырғызстан астанасына 11-шілдеде А. Атамбаевтың шақыруымен келеді.
Сапар аясында Қазақстан үкімет басшысы Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездеседі, сондай-ақ, екі ел үкімет басшыларының жүзбе-жүз кездесуі мен кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.
Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумына қатысады, онда екі елдің ресми және бизнес-делегациялары Қырғызстан Республикасы жағы ұсынатын келешегі бар экономикалық жобаларды қарайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті