«Қазақстандық инвесторлар Қырғызстан экономикасына қаржы жұмсауға бекем дайын және бұл бағытта нақты жобалар жүзеге асырылады», — деп мәлімдеді Қ. Келімбетов.
Өз кезегінде Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 11-шілдеге белгіленген «Қырғызстан — Қазақстан» бизнес форумы бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың бастамасы екенін атап өтті.
Кездесуде Қырғызстан экономикасына қаржы тартуды көздейтін қазақ-қырғыз инвестицичлық қорын құру мәселесі талқыланды.
«Бірлескен қорды құру арқылы Қырғызстанда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға нақты мүмкіндіктер туындамақ», — деді Қ. Бакиев. «Мен біздің арамыздағы уағдаластықты жүзеге асыру бағытындағы нақты қадамдары үшін Нұрсұлтан Әбішұлына ризашылығымды білдіремін, біз экономикалық өсімді жылдық 8 — 9% деңгейінде сақтап қалатындығымызға сенеміз», — деді ол.
Қырғызстан президенті «Қазына» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесінің Қызыл-Кий цемент зауытының құрылысына банк кепілдігін беру жөніндегі шешіміне қанағаттанғандық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті