Кәрім Мәсімов республиканың батыс өңірлерінің сейсмикалық жағдайын зерттеуші жұмыс тобын құруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов республиканың батыс өңірлерінің сейсмикалық жағдайын зерттеуші жұмыс тобын құруды тапсырды

Кәрім Мәсімов республиканың батыс өңірлерінің сейсмикалық жағдайын зерттеуші жұмыс тобын құруды тапсырды

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов аумағында көмірсутегі шикізат жаппай өндіру жүргізіліп жатқан республиканың батыс өңірлерінің сейсмикалық жағдайын зерттеуші жұмыс тобын құруды тапсырды. Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында осындай тапсырма берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Мамыр 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Виктор Петровтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында таяуда жер сілкінісінің болуына «көмірсутегі шикізатын өндіруде жер астында бос кеңістіктің түзілуі» себеп болуы мүмкін. В. Петровтың айтуынша, болған оқиғаның себебін нақтылау үшін «өңірге бірнеше сейсмикалық станция қажет, ал онда мұндай станциялар қазір жоқ».

Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, өңірде болған жер сілкінісі 12 балдық шкала бойынша 7 балл болды деп бағалануда. «Сілкініс ошағында 108 үй зардап шеккен, олардың 34-ін бұзу қажет. 50 үй бойынша күрделі жөндеу мәселесі шешілуде, мектеп пен көпірді қалпына келтіру мүмкін емес», -деді селекторлық жиында сөз алған әкім. «Халыққа келген шығын көлемі 700 млн теңгеден асты», — деді өңір басшысы. Ізмұхамбетовтың уәдесіне сәйкес, баспаналар, мектеп пен көпір күзге дейін қалпына келтіріледі. Сонымен бірге ол «жер сілкінісінің қайталану мүмкіндігі, тектоникалық жарылыс орны мен жер сілкінісінің шығу себебі секілді үш сұраққа әлі де жауап табылған жоқ», деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті