Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына көктемгі егіс науқанына арналған жанар-жағармайдың үштен бір бөлігін ғана жіберу қалды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Мамыр 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен 225 мың 800 тоннасы жіберілді, сөйтіп, мұнай өңдеу зауыттары мамырдың аяғына дейін тұқым себу науқанына арнап тағы 104 мың тонна дизельдік отын жіберуге тиіс», — деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, кепілді көлем 330 мың тоннаны құрайды.

«Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері оның 70% үшін ақы төледі», -деді ол.

«Ал облыстар бойынша ақысы төленбеген қалдыққа келсек, ол 29 мың 800 тоннаны, соның ішінде Ақмола облысы 11 мың 500 тонна, Ақтөбе облысы — 1980 тонна, Шығыс Қазақстан облысы — 5400 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы — 490 тонна, Батыс Қазақстан облысы — 2360 тонна, Қызылорда облысы — 4000 тонна және Павлодар облысы — 4000 тоннасы үшін ақы төлеген жоқ», -деді министр.

«Оңтүстік облыстарда агротехникалық мерзімге сай тұқым себу науқаны 20 мамырда аяқталатынын ескерсек, дизельдік отынның қалған бөлігі оларға таяу күндерде қажет болмақ», — деді министр.

Өз кезегінде еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев жанар-жағармай жеткізу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын растады. «Расында да наурыз бен сәуірдің жоспары орындалды, мамырдың 20 жұлдызына дейін жанармай толық жеткізіледі және бұл жұмыс кесте бойынша жүргізілуде», — деді ол. «Екі шаруа қожалығы аз көлемнен бас тартты, олар келісім-шартына қол қоя тұра, бағасын уақытында төлеуден бас тартты. Біз бұл көлемнің орнын толтыруға келістік, ахуалдан шығудың дұрыс шешімі табылды деп ойлаймын», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті