Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары басталды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары басталды

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары бүгін басталды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 12 Мамыр 2008
  • 412
Фото - Caravan.kz

Оның нақтылауынша, сапар мамырдың 12 мен 13 аралағында өткізіледі. Е. Ашықбаевтың айтуынша, сапар аясында Қазақстан басшылығымен келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екі жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылап, Орталық Азия өңіріндегі өзекті мәселелерді қарайды. Бұған қоса бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы $300 асып, 2006 жылғыдан 64%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті