Абу Даби әмірлігінің ханзадасы ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абу Даби әмірлігінің ханзадасы ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде

Абу Даби әмірлігінің ханзадасы ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Абу Даби әмірлігінің ханзадасы шейх Мухаммед бен Заид аль Нахаян ресми сапармен Қазақстанға келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 12 Мамыр 2008
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 14 мамырда Абу Даби әмірлігінің ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері қарулы күштері бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мухаммед бен Заид аль Нахаян ресми сапармен Қазақстанға келеді «, -деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, сапар барысында Абу Даби әмірлігінің ханзадасы ел басшылығымен екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастығын дамыту перспективасын талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті