Индонезия сыртқы істер министрі Қазақстанға сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезия сыртқы істер министрі Қазақстанға сапармен келеді

Индонезия сыртқы істер министрі Қазақстанға сапармен келеді

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Индонезия сыртқы істер министрі Хассан Вираюда Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 12 Мамыр 2008
  • 334
Фото - Caravan.kz

Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, сапар 14 — 16 мамырға межеленген. Сапар аясында екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізеді және бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Сонымен бірге, ресми өкілдің хабарлауынша, сапар барысында Х. Вираюда ҚР парламенті мәжілісінің төрағасымен, Қазақстанның бірқатар министрлеріктерінің басшыларымен кездеседі деп жоспарланған. Олардың барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығын дамыту жайы талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті