Қала әкімшілігінің баспасөз қызметі қалалық көлік жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бөліміне сілтеме жасап журналистерге хабарлағанындай, » тасымалды ұйымдастырушылар мен тасымалдаушылар қоғамдастығы арасында қол қойылған келісімге сәйкес жаңа тариф енгізіліп отыр».
«2008 жылдың 10 мамырынан бастап қалалық қоғамдық көліктерге жаңа тарифтер енгізіліп, автобустың жүру ақысы 35 теңге көлемінде белгіленді, яғни тариф бұған дейінгі бағамен салыстырғанда 5 теңгеге көтерілді «, — деп атап өтті әкімдікте.
Мұнда түсіндіргеніндей, «Қазақстан Республикасының «Автокөлік туралы» заңына сәйкес 7-15 жас аралығындағы балалар үшін жол ақы көлемі белгіленген тарифтің 50 % құрайды, яғни автобустарда оның тарифі 17 теңгені, трамвайларда 15 теңгені құрайды «.
Зейнеткерлер үшін жол жүру ақысы бұрынғы тариф деңгейінде қалдырылды. Бір жолғы жүру құны 20 теңгені құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті