«Тәжікстан астанасындағы кездесуде қорғаныс министрлері ұйымның қорғаныс әлеуетін арттыру бойынша бірлескен шараларды өткізу мерзімін, сондай-ақ, ШЫҰ мүше мемлекеттерге террористік және басқа да қатер төнген жағдайда жасалатын әрекетті талқылады», — деп хабарлады Тәжікстанның Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы.
Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Қорғаныс министрлерінің кеңесінің кезекті отырысы Тәжікстан Республикасының қорғаныс министрі генерал-полковник Шерәлі Хайруллоевтың төрағалығымен өтеді. Биыл Тәжікстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымында төраға болып отыр. Ұйымға Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері мүше.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті