Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала саябаяқтары мен гүлзарларының жағдайларымен танысу үшін көшпелі жұмыс кеңесін өткізді.
Қала басшысы Алматы қаласының аумағында орналасқан Орталық мәдени және демалыс саябағында, сондай — ақ Сейфуллин, Комсомол, Южный сияқты демалыс орындарында, Баум бағында болды.
Алматының ірі жасыл желектерінің бірі — Баум бағының көлемі соңғы жылдары едәуір азайып кеткен. 130 мың түп ағаштан 64500 ағаш қана қалған. Әкім сирек кездесетін бұл бақты сақтап қалу керектігін қадап айтты.
А. Есімов осы мақсат үшін бақты күзетуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінетіндігінен хабардар етті. Қаланың ең көне жасыл құрағы Баум бағы Іле — Алатау ұлттық саябағы ведомоствасының құрамына еніп, республикалық бюджет есебінен қалпына келтірілетін болады. Әкім мұндағы бақ аумағын кеңейту, оның инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап көрсетті.
Орталық саябақта болған кезінде А. Есімов оның жұмысын ұйымдастыру мен көріктендіруде орын алған олқылықтар туралы айтты. Қала саябақтарын сумен қамтамасыз ету ісінде кемшіліктер бар екені анықталды. Соның салдарынан, бұларда ағаштардың көпшілігі қурап қалған. Әкім осы мәселеге қатысы бар мекемелерге қысқа мерзім ішінде бұл проблеманы шешу қажеттігін тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті