Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша Қырғызстанда 14 мамырда Оштың облыс сотының көшпелі отырысы басталып онда 500 адамды (оның басым көпшілігі балалар) СПИД дертін жұқтырған дәрігерлерге қатысты қылмыстың іс жабық есік артында қаралады. Нооката және Ош ауруханаларында ауруды жұқтырған балалардың қатары ұлғаюда. Егер бірінші кезекте 17 бала анықталса, екінші фазада 42 бала дертке шалдықты. Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан соңғы ақпараты бойынша СПИД дертіне шалдыққан балалар саны 72 жетті. Сотта бірінші фаза бойынша іс қаралады.
«Инфо-центр Рейнбоу» қоғамдық қордың сезімтал топтар қатарындағы адамдарға тегін заңнамалық көмек көрсету жөніндегі клиникасының заңгері Фатима Хабибуллина зардап шеккен 25 бала мен 4 ананың мүддесін қорғайды.
Медициналық қызметкерлерді кәсіби үш оншақты заңгер қорғайды.
Ф. Хабибуллинаның айтуынша, дертке шалдыққан балалардың ана -анасының кейбіреуі аурудың құпиясының ашылуынан қорқып, сот тартыстарына қатысқысы келмейді. «Инфо-центр Рейнбоу» қор өкілі Сұлтан Мамытов түсіндіргеніндей, зардап шеккендер бұқаралық ақпарат құралдарының назарына іліккісі келмейді.
«Олар бейнекамераға, суретке түсіретін журналистер үшін сотқа келмейді. Бұл олардың ауруға шалдыққандарын ашып, қоғамда кері әсерін тигізуі мүмкін «, — деп түсіндірді С. Мамытов.
Ноокат аумақтық ауруханасының директоры Тыныштыкбек Сұлтанов айтқанындай әрбір ауруға шалдыққан адаммен жеке жұмыс істеу керек. Егер қоғам олардың СПИД ауруына шалдыққаны туралы құлағдар болса, онда оларға деген көзқарас күрт өзгереді «.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті