«Екі ел арасындағы саяси әріптестік аса жоғары деңгейде «, — деді Н. Назарбаев. «Біз сенімді саяси әріптес болып табыламыз және Қазақстан өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша біздің бастамаларымыз бен ұсыныстарымызды тұрақты қолдайтындығы үшін Тәжікстанға дән риза», — деді ол.
Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, «ынтымақтастықтың табысты мысалы ретінде елдердің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі әріптестігін, сондай-ақ, Тәжікстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау жөніндегі Қазақстанның кандидатурасын үлкен белсенділікпен қолдауын атауға болады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті