Қазақстан мен Тәжікстан бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Тәжікстан бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Тәжікстан бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Тәжікстан бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда ресми сапармен жүрген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ, екі елдің Мемлекетаралық кеңесінің және Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің құрылуы жөніндегі меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Тәжікстанның Ауыл шаруашылығы және табиғат қорғау министрлігі арасында табиғат қорғау салысындағы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, екі елдің энергетика және минералдық ресурстар министрліктері арасында өзара түсіністік жөнінде, Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі мен Тәжікстанның үкіметі жанындағы Жастар ісі, спорт және туризм комитеті арасында өзара түсіністік ниеті жөнінде, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік пен Тәжікстан президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет басқармасы арасында мемлекеттік қызметті дамыту саласында ынтымақтасу жөнінде ведомствоаралық меморандумдарға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті