Қазақстан мен Тәжікстан мөлшері 100 млн АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық қор құру жөнінде уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Тәжікстан мөлшері 100 млн АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық қор құру жөнінде уағдаласты

Қазақстан мен Тәжікстан мөлшері 100 млн АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық қор құру жөнінде уағдаласты

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Тәжікстан жарғылық қоры 100 млн АҚШ долларын құрайтын бірлескен инвестициялық қор құру жөнінде келісті. Бұл келісімге екі мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмонның Астанада өткен келіссөздері барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін Қазақстан — Тәжікстан инвестициялық қорының тезірек жүзеге асуы жөнінде келістік. Оның қаражаты Тәжікстан аумағындағы жобаларды инвестициялауға жұмсалады», — деді Қазақстан Республикасының президенті келіссөздерден кейін болған баспасөз мәслихатында.

Қордың жұмысы негізінен электр қуаты, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және басқа да салаларға бағытталады деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті