Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Қазақстан қор биржасын реформаламақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы  өңірлік  қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Қазақстан қор биржасын реформаламақшы

Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Қазақстан қор биржасын реформаламақшы

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Қазақстан қор биржасын реформаламақшы. Бұл туралы Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов сенат депутаттарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Біз мемлекеттің қатысуы үшін Қазақстан қор биржасының қазір Ұлттық банкке тиесілі акциялар қоржынын сатып алуға уағдаластық», — деді А. Арыстанов.

«Біз директорлар кеңесінің жаңа құрамын жасақтап, менеджментті күшейтіп, белсенді маркетингтік саясат жүргізу үшін қор биржасы өкілдіктерінің өңірлік желісін құрмақшымыз», — деді ол.

Алматы өңірлік қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы еске салып өткеніндей, «былтыр заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы биржаға коммерциялық ұйым болуға рұқсат берілген». «Өкінішке орай, содан бері бір жыл өтсе де, биржа бүгінгі күнге дейін акцияларды жариялы орналастыру процедураларын толық аяқтай алған жоқ», — деді ол.

«Әйтсе де біз алғаш рет даму стратегиясының жобасын жасап, алғаш рет корпоративтік басқару кодексін дүниеге әкелдік», — деді А. Арыстанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті