Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министріне 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Астанада екі жаңа интеллектуалдық мектепті ашуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министріне 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Астанада екі жаңа интеллектуалдық мектепті ашуды тапсырды

Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министріне 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Астанада екі жаңа интеллектуалдық мектепті ашуды тапсырды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Астанада екі жаңа интеллектуалдық мектепті ашуды қамтамасыз етуді тапсырды. Мұндай тапсырманы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Мен бірінші президенттің мектебін құруға байланысты нормативтік-құқықтық актілердің блогын қабылдау жөніндегі қаулыға қол қоямын. Олар қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін осы мәселені атқарылыуын қадағалау жауапкершілігі тікелей өзіңізге жүктеледі», — деді Кәрім Мәсімов Ж. Түймебаевқа қаратып айтқан сөзінде. «Астанадағы алғашқы екі мектепті осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін салып бітіру керек, жаңа оқу жылының бірінші күні оны Елбасы ашуы қажет», — деді ол.

«Шешім нақты орындалып, адамдар оны көріп куәгер болуы керек», — деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті