Атыраудағы демалыс саябағында бір әйел баласымен бірге карусельден құлап кетті (нақтыланған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы демалыс саябағында бір әйел баласымен бірге  карусельден құлап кетті  (нақтыланған нұсқасы)

Атыраудағы демалыс саябағында бір әйел баласымен бірге карусельден құлап кетті (нақтыланған нұсқасы)

Атырау. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Атыраудағы демалыс саябағында бір әйел баласымен бірге аттракцион жұмысы кезінде карусельден құлап кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау қалалық ішкі істер бөліміне сілтеме жасап.

  • 13 Мамыр 2008
  • 544
Фото - Caravan.kz

Атырау қалалық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары Асылбек Мүрсәлімовтың хабарлауынша, аттракцион жұмыс істеп тұрған кезде бір әйел мен бала карусельден құлады. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілген. Басынан жарақаттанып, ұршығы сынған, кома жағдайындағы 1999 жылы туған бала жан сақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі жағдаймен бала комадан шығып, облыстық балалар ауруханасының хирургия бөліміне ауыстырылды.

Асылбек Мүрсәлімовтың хабарлауынша, «қазір демалыс саябағында болған оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде. Аттракционның қауіпсіздік техникасына сәйкестігіне қатысты техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғау, немесе, қозғамау мәселесі соның нәтижесіне қарай шешіледі».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті